Денсаулық & Психология

Қыста иммунитетті көтерудің қарапайым 3 әдісі

Иммунитетіміз төмен болған сайын гриппен ауыру қаупі жоғарылай түседі. Тіпті қыстың аяз күндерінде дүкенге барып келем дегенше суық тигізіп алуыңыз мүмкін. Статистикаға сүйенсек, адамдардың қыста ауырып қалуының 4 негізгі себебі бар екен:

Стресс

Стресс аурулардың көбеюіне ықпал етеді. Сондықтан, көптеген адамдар алдағы күндердің ауырлығын сезініп, жұмыс аптасының басында емдік демалыс алып жатады. Ал демалыс алдындағы соңғы жұмыс күндері эмоционалды өсуді тудырып, ауруға шалдығу қаупін азайтады екен.

Суық

Адамға суықтың екі түрі қатты әсер етеді: қатты аязда қатты тоңған кезде және жеңіл салқында дененің күйі төмендегенде.

Назар жетіспеушілік

Жақындарыңыздың назары жетіспеген кезде бейсанаңыз ағзаны ауруға итермелейді. Ауырған адам жанашырларының қамқорлығына бөленеді.

Ішкі протест

Жұмыстан шаршаған адамның бейсанасы барлық проблемалардың ең жақсы шешімі – бір ауырып тұру деп белгі береді. Ағза бұл белгіні бірден қабыл алады да, бір-екі күннен кейін аурудың алғашқы белгілері байқала бастайды.

Қыста иммунитетті қалай көтеру керектігін ойлағанда, негізгі 3 мәселеге назар аудару керек: 

  1. Дұрыс тамақтану
  2. Физикалық белсенділік
  3. Психологиялық денсаулық жағдайы

Дұрыс тамақтану

Иммунитеттің нығаюы дұрыс тамақтануға байланысты екенін бәріміз де білеміз. Тамақтану рационын дұрыс жасай білсек, белгілі бір тағамдардың көмегімен суық тиюден сауығып кетуге болады. Мәселен, ақуыздың және ағза үшін маңызды басқа да элементтердің жеткілікті мөлшері болуы өте маңызды.

Аса қажетті дәрумендер:

С дәрумені – иммунитеттің жоғарылауына әсер етеді: цитрустар, орамжапырақтар, болгар бұрышы, мұздатылған қарақат, мүкжидек құрамында бар.

А дәрумені – шырышты қабықтарды зиянды бактериялардан қорғайды, қабынуды жояды, ас қорытуды жақсартады: қызыл бұрыш, сәбіз, ақжелкен, құрма, балық майы құрамында бар.

В дәрумені – жүрек-қантамыр жүйесін, орталық жүйке жүйесін және бауырдың жұмысын нығайтады: ет, балық, теңіз өнімдері, сүт өнімдері және жұмыртқа құрамында бар.

Жоғарыда аталғандардан бөлек, қысқы рационға мына өнімдерді міндетті түрде қосыңыз:

сарымсақ;

пияз;

ашытылған қырыққабат;

асқабақ;

дәруменді шай;

бал;

бүлдірген;

кептірілген жемістер (өрік, мейіз, т.б.);

саңырауқұлақ.

Бір компонент басым боп кетпеу үшін мәзір жасап алу керек. Тек бір дәруменге немесе минералға бай өнімдерге артықшылық бермеңіз.

Физикалық белсенділік және денені шынықтыру

Күн сайынғы дене жаттығулары мен шынығу қыста иммунитетіңіздің күшті болатынына кепілдік береді:

Таңертең 10 минут дене жаттығуын жасау керек;

Фитнес орталықтары, бассейндер, қысқы спорт түрлері – денені сауықтырудың ең жақсы тәсілі;

Күнделікті жүгіру – суық тиюден қорғап, өзіңе деген сенімділікті арттырады;

Бөлмені бірнеше сағат сайын желдетіп тұру керек;

Таза ауада неғұрлым жиі серуендеген сайын соғұрлым дене шыныға түседі. Оған дұрыс киім мен аяқ киім таңдау керек;

Ыстық моншаға түсіп, денені буландыру иммунитетті нығайтады;

Таңертең контрасты душ қабылдау да өте пайдалы;

Суға хош иісті майлар немесе сығындылар қосып, ваннада ұзақ уақыт жатуға болады. Бұл ұйқыға дейін кем дегенде 2 сағат бұрын жасалуы керек.

Қызықты факт:

Егер адам металл заттарды (көзілдірік, сақина, сырғалар, сағаттар және т.б.) тағып жүрсе, онда тез тоңады. Сақиналар тіпті қан айналымын бұзуы мүмкін. Сыртта физикалық жаттығулармен айналысқанда әшекей заттарыңызды үйге қалдырып кетіңіз.

Психологиялық денсаулық

Қыс айларында иммунитетті сақтау психологиялық денсаулық пен көңіл-күйге тікелей байланысты. Сондықтан өміріңізге позитив сыйлап, барлық негативтен құтылу керек. Мұны қалай істеуге болады?

Ашық түстер. Мәселен, пәтеріңізді жарқын түсті декор элементтерімен безендіріңіз.

Көп серуендеу, спорт. Таза ауа көңіл-күйді көтереді, денені оятады. Сондай-ақ жаңадан қысқы спорт түрін үйренсеңіз болады.

Дұрыс тамақтану. Барлық пайдалы өнімдер мен судың жеткілікті мөлшерін ескере отырып мәзір жасаңыз. Зиянды өнімдерді мәзірден алып тастаңыз.

Әңгімелесу. Позитивті жандармен сөйлесу психологиялық денсаулыққа өте пайдалы.

Уақытты қызықты өткізу. Музейлер аралап, киноға, театрға бару – көңіл күйді көтереді.

Мерекелерге дайындалу. Әсіресе жаңа жылға әзірлену туралы ойдың өзі жағымды эмоциялар сыйлайды.

Үй жинау. Үйді тазалап жүріп, көп қозғалыста болған сайын денеңізді басып тұрған ауру да ұмытыла бастайды.

Демалу. Көптен бері жоспарда жүрген сериалды қарап немесе көркем әдебиет оқып өзіңізге демалыс сыйлап тұруды ұмытпаңыз.

Егер сіз осы қарапайым кеңестерді есіңізде сақтап алсаңыз, қыстан ауырмай шығатыныңыз сөзсіз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button