Денсаулық & Психология

Айранның пайдасын біле жүріңіз

Айран – қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүттен ұйытылатын тағам. Ол жеңіл және сусындық тағам. Қой, сиыр, ешкі сүттерін өңдеу арқылы алынатын сүт өнімдерінің бір түрі.

Сүтті мәлім температурада жылытып, оған ұйытқы қосып ағаш немесе шыны ыдыстарға құйып, бүркеп жылы орынға қояды. 3-4 сағаттан соң сүт ұйып, айранға айналады.

Дені сау, жас сиырдың қаймағы алынбаған сүтінен ұйытылған айран тамақ әрі дәрі болады.

Тәттілеу, қышқыл дәмді, суық райлы жағымды, денені дымқылдандырады. Ыстық райлы адамдардың дене қуатын арттырады. Өмірді ұзартады. Жыныстық қуатты күшейтеді.

Ем болатын аурулары мынадай:

1. Жоғары қан қысымы ауруына шалдыққан адамдар тамақтан кейін 30 минуттан соң, күніне бір ыстақаннан екі рет ішіп тұрса, қан қысымы біртіндеп төмендейді.

2. Нерв қызетінің қалыпсыздығынан ұйқы қашуда әр күні жатар алдында бабымен әзірленген айраннан бір шыны ішіп жатса, нерв тынышталып, ұйқы жақсарады.

3. Ауру-сырқау салдарынан болатын қан аздықта, дене әлсіздікке айранды жақсы ұйытып, ұзақ уақыт бабымен ішсек, денсаулыққа біртіндеп қалпына келеді. Жыныстық шабыт артады.

Айран – асқазаны мен ішегі ауыратын жандарға ең пайдалы тағамдардың бірі. Айранның құрамындағы қышқыл асқазан ауруына пайдалы. Күнделікті ішіп тұрған жақсы. Айран тез қорытылады да, басқа тамақтардың ағзаға сіңуіне көмектеседі.

Айранды кез келген уақытта ішуге болады. Бірақ кешке ішкен айранның құрамындағы кальций ағзаға тез сіңеді.

Сүт іше алмайтын адамдарға айран ішкен дұрыс. Өйткені сүттің құрамындағы лактоза айран ашытылған кезде сүт қышқылына айналып кетеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button