Психологиялық тест: қай көзді таңдайсың?
Адамның көзіне қарап, бәрін ұғуға болады деп жатамыз. Ал бұл психологиялық тест мінезіндегі ерекшеліктерін де сипаттап береді.
Суреттегі қай көзді таңдайсыз? Жауабын көріңіз:
1.Эмоцияларыңыз жалын сияқты. Сіз вулканға ұқсайсыз. Тіпті ең қарапайым оқиғаның өзі сіз үшін үлкен эмоция тудыруы мүмкін. Сіз жүрегіңізбен өмір сүресіз және әрбір сәтті сезіне аласыз. Ескі реніштерді өз бойыңызда жинамаңыз. Алда жаңа, әсерлі күндер күтіп тұр.
2. Білім мен даналық. Екінші нөмірлі көз сіздің бүкіл өмір бойы даналықты біртіндеп жинап келгеніңізді көрсетеді. Білімге деген құштарлығыңыз барлық қалауларыңыздан жоғары тұрады. Сондықтан біліміңізді іс жүзінде көрсетуге асығыңыз. Талантыңыздың босқа кетуіне жол бермеңіз.
3. Жер энергиясы. Сіз әрқашан өзіңізді өзгелерден сәл өзгеше сезінесіз. дүниеқұмарлық пен бос әңгімелерді ұнатпайсыз. Бетіңізді самал желге тосып, құстардың әнін тыңдап, табиғаттың құшағында қалғанда ғана өзіңізді бақытты сезінесіз. Емшілік қасиетіңіз болуы да мүмкін.
4. Философ және идеалист. Философияға толы әңгімелерді сағаттап айтуға дайынсыз. Сіздің әдептілігіңіз бен тәрбиеңіз өте жоғары деңгейде. Сондай-ақ бұл сіз таңдаған сурет идеалды іздеп жүріп, өмірдің ең бағалы сәттерін жоғалтып алуыңыз мүмкін екенін білдіреді.
5. Табиғатыңыздан психологсыз. Адамдарды сезіне аласыз. Сіз тіпті әңгімелесіп отырған адамыңыздың сеніміне кіріп, соның қалауына сәйкес келетіндей өзіңіздің болмысыңызды да өзгерте аласыз. Сіздің бетпердеңіз өте көп. Бірақ сол бетперденің артында кім жасырынғаны өзіңізге ғана аян.
6. Магнит. Сіздің күлімсірегеніңіз адамдарды баурап әкетеді. Өзіңіздің мейірімділігіңізбен, шынайылығыңызбен айналаңызға шуақ таратып жүресіз. Достарыңыздың ортасында кез келген шыңға шыға аласыз. Ал өзіңіздің ойларыңызбен жалғыз қалғанда бойыңызда үрей мен қорқыныш пайда болады. Өз күшіңізге сенсеңіз ғана, биіктерді бағындыра аласыз.
7. Сұр кардинал. Психологиялық тест сізді құпия адам ретінде сипаттайды. Сіз коммуникацияға ұмтылмайсыз, көпшіліктен ерекшеленбеуге тырысыңыз. Айлалы істеріңізді адамдардан ауашада жүзеге асырасыз. Жүрісіңізді үш қадам ілгері есептеп жүресіз.