Денсаулық & Психология

Қарбыз пайдалы ма әлде қауын ба?

Қауын-қарбыз қос жүретін көкөніс. Сатып алсақ та бірге аламыз. Демалуға әкетсек те бірге әкетеміз. Қонақ апарсақ та бірге дегендей.

Қауын мен қарбызды салыстырып, қайсысы адам ағзасына пайдалырақ деуге келе ме? Қалай ойлайсыз?..

Диетолог мамандардың айтуынша, қауын мен қарбыз калориясы аз азық әрі ағзаға тигізер пайдасы мол. Әрі екі көкөністі салыстыруға келмейді, ол адамның жеке қажеттілігі мен ағза сұранысына байланысты дейді.

Екеуінің тек басымдықтарын ғана айтуға болады. Мәселен, қауында адам ағзасына ең қажет – жасұнық көп болатын көрінеді. Ал жасұнық адам ағзасына ең қажет қоректік зат. Ол ағзаны тазалап, холестерин көлемін реттейді.

Одан бөлек, қауында қарбызға қарағанда С дәрумені көп көрінеді. Мәселен, 100 грамм қауында 36 мг дәрумен болса, қарбызда – 8 мг.

Ал қарбызда ликопин атты қоректік зат бар. Ол қауында жоқ. Ликопин қан тамырының жұмысын жақсартып, атеросклероздың алдын алады. Содан жүрек жұмысы жақсарады, буын аурулары кетеді. Адам күйзелістен арылады.

Қауын бен қарбызды жеуге келгенде дәрігерлер оны аз-аздап жеген дұрыс дегенді айтады. Бірден көп жеп қоюға болмайтын көрінеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button