Денсаулық & Психология

Саусаққа қараңыз: Жүрек ауруының қарапайым 3 белгісі

Адамның сыртына қарап ауруын анықтауға болады. Мәселен, көздің асты көгеріп не сыздап тұрса, ол адамның бүйрегі ауырады дейміз. Терісі сарғайса бауыры ауырады екен деп қоямыз. Ал жүрек ауруының белгілерін көбіміз біле бермейміз. Оның үстіне, жүрек білдіртпей бас салатын, өте шыдамды мүше. Көпке дейін мән бермей жүре беретініміз содан.

Адам өліміне әкелетін жүрек ауруының ең көп таралғаны түрі – ишемиялық аурулар. Денедегі басты қан тамырлар – артиллерия ағзаға, мүше-мүшеге оттегі жеткізіп, бүкіл организмді кислородпен қамтиды. Бірақ қан тамыры қысылып, жүрекке ауа жетпесе, адамның тынысы тарылып көз жұматыны содан. Қан тамырын не бітейді дегенге келсек, бұл кәдімгі май. Холестерин жиналып, қан тамырында беріш боп қатып қалады. Мұны атеросклероз дейді.

Бірінші белгі
Жүрек ауруынан хабар берер қарапайым белгілердің бірі – саусақта пайда болған сарғыш, тоқсары түсті, айқыш-ұйқыш бөртпе. Бұл – қан тамырының ішінде триглицеридтің көбейіп кеткенін білдіреді. Содан буынның маңайы бөртіп кетеді де белгілер терінің сыртына, саусақтың үстіне шығып тұрады.

Қанда холестерин көбейіп кетсе, ол бітеліп беріш боп тұрып қалған аймақтың үсті, яғни, тері тұсы ұсақ-ұсақ шілтір меңдес бөртпеге айналады. Ақтаңдақ, қызылкүрең ирелең даңқтар пайда болса – бұл жүрек ауруының айқын белгісі.

Екінші белгі
Екінші қарапайым белгі – башпайға шыққан қара дақ. Әдетте, аяқты, башпай тұсты бір жерге соғып не ұрып алсаңыз, көгеріп не қарайып кететіні белгілі. Бірақ аяқты еш жерге соқпасаңыз, бірақ башпай маңында қара дақ пайда болса, ойланарлық нәрсе.

Қанның құрамындағы қара нүктелер қанмен бірге аяққа дейін келіп, жоғары қайта алмай қалады да, башпай тұсына жиналып, үйіле бастайды. Ал бұл қара нүктелер – жүректің ішкі қабыршағы мен қақпақ маңында инфекция тұрып қалғанын білдіреді. Мұндай инфекцияның пайда болуына қанға түскен бактерия мен саңырауқұлақ себеп болуы мүмкін.
Эндокардиттің басқа да белгілері бар:

Тұмауға ұқсас белгілердің пайда болуы

Салмақ тастау

Терінің ағаруы, сұрлануы

Бұлшықет пен буынның ауруы

Жүректе шуыл пайда болады

Үшінші белгі
Үшінші қарапайым белгі – саусақтың көгеруі. Адамның саусақ тұсында қан жетіспесе немесе қан айналымы нашар болса, көгеріп кетеді. Өйткені бұл мүшеге қазір оттегі жетпей жатыр дегенді білдіреді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button