Ыстық күнде кондиционері жоқ үйді қалай салқындатуға болады?
Шілденің аптап ыстығы біраз адамның мазасын қашырды. Әсіресе, үйінде кондиционері не желдеткіші жоқ үйдің иелері біршама қиналған тәрізді. Күндіз жата алмай, түнде ұйықтай алмай мезі болды. Ендеше мұндай үйді қалай салқындатуға болады? Соның қарапайым амалдарын қарастырып көрелік.
Пердені ашпаңыз. Күндіз аула ыстықтан күйіп тұратыны белгілі. Демек терезе ашудан пайда жоқ. Сондықтан терезенің пердесін қымтап жауып қойған жөн. Сонда бөлмеге күн сәулесі өтпейді. Аздап болсын, бөлменің ысып кетпеуіне көмегі тиеді.
Төсек орынды мұздатып алуға болады. Ұйықтардың алдында төсек орынды, жапқыш пен төсегішті… мұздатқышқа не тоңазытқышқа салып бір суытып алуға болады. Жапқышпен бірге нәскиді деп салып жіберіңіз. Аяққа суық нәски кисеңіз, дене температурасы түседі.
Суық душ. Ұйықтар алдында суық душқа түсіңіз. Әрі денеге жабысып қалған тер мен «сасық иісті» шайып әкетеді.
Техниканы өшіріңіз. Кез келген техника – бұл жылу бөлуші аппарат. Сондықтан үйде қосылып тұрған техникаларды өшіріп тастаңыз. Тоңазытқыштан басқасын, әрине.
Еденге жату. Төменде температура да төмен. Сондықтан ұйықтарда еденге жатып ұйықтасаңыз, салқындап қаласыз.
Мақта көрпе. Жатқан жеріңіз салқын не ыстық болуы жапқыштың материалына тікелей байланысты. Зығыр мен жібектен жасалған көрпе салқын ауа айдайды. Ал төсек жайманың мақтадан, пижаманың жібектен тоқылғаны жөн.