Зерттеу: Газдалған сусынды ішу бедеулікке әкеледі
Газдалған тәтті сусынның денсаулыққа зиян екені көп айтылады. Әсіресе, қан мен жүрек ауруларына әкелетін зияны орасан. Газдалған сусынның жаңа зерттеулерден белгілі болғандай, тағы бір зиян тұсы табылды.
Epidemiology журналында жарияланған зерттеуде газдалған сусынның ер адамды да, әйел адамды да бедеулікке алып келетіні айтылған. Сондықтан жастар мен жас отбасыларға сусын ішкенде абай болғаны жөн.
Ғалымдардың айтуынша, газдалған, тәтті сусынның құрамында ер адамның тұқымын «өлтіретін» химиялық заттар бар. Ол сперматозоидтың көлемі мен санын азайтып, қозғалу қабілеті мен қауқарына тұсау салатын көрінеді.
Газдалған сусынның құрамындағы аспартам қоспасы адамның эндокринді жүйесін, яғни, гормон бөлінісін бұзып, дисбалансқа әкеледі. Содан ер адамда тестостерон бөлінісі азайып, бұл да бедеулікке әкелуі мүмкін.
Зерттеушілердің есебінше, күніне бір рет газдалған сусынды ішудің өзі (оның ішінде диеталық сусындар да бар) бедеулікті 20-25 пайызға кемітуге жетіп жатыр. Мұндай сусынды көп ішу ер адамның табиғи қуатын азайтып қоймай, ЭКО клиникалар арқылы қолдан ұрықтандырудың өзіне ұрығы жарамай қалуы мүмкін.
Сондықтан тәтті сусынның орнына ақуыз бен антиоксиданты мол тағамдар жеу керек. Спортпен айналысуды жолға қойып, тойып тамақ жеген, күйзелістен аулақ жүрген абзал. Кофейн қосылған сусындардан да барынша аулақ болған жөн дейді ғалымдар.