Жұбыңызбен қарым-қатынасты анықтауға арналған тест
Бұл тесттен өту үшін тек көзіңізді жұмып, ситуацияны елестету және алғаш ойыңызға келген жауапты таңдау жеткілікті.
1.Ұнататын қыздың не жігіттің үйіне бара жатырсыз.
Алдыңызда екі түрлі жол бар:
бірі – қысқа, бірақ іш пыстырады, көз тоқтататын ештеңе жоқ;
екіншісі – айтарлықтай ұзақ, бірақ жол бойына неше түрлі қызыққа кездесесіз.
Серігіңізге бару үшін қай жолды таңдайсыз?
2.Жолда раушан гүлі өсіп тұрған екі түрлі алаңқай бар.
Бірінде – қызыл, екіншісінде – ақ раушан өседі.
Сіз 21 тал гүл апарғыңыз келді. Букетті неше қызыл, неше ақ раушаннан жасайсыз? (Тек бір түсін таңдауға да болады).
3.Серігіңіздің үйіне жеттіңіз. Басқа адам есік ашты.
Оны шақырып келсін бе, әлде өзіңіз бөлмесіне барасыз ба?
4.Бөлмесінде өзі жоқ екен.
Қолыңыздағы гүлді терезенің алдына қоясыз ба? Төсегінің үстіне қалдырасыз ба?
5.Сол үйде қонуға қалдыңыз. Басқа бөлмеде ұйықтадыңыз да, таңертең тұрып, серігіңіздің бөлмесіне қайта келдіңіз.
Ол әлі ұйықтап жатыр ма, әлде ояу ма?
6.Ол үйден қайттыңыз.
Қай жолды таңдайсыз, қысқа, қарапайым жолды ма, әлде ұзақ, қызық жолды ма?
Жауабы:
1. Жол сіздің қалай ғашық болатыныңызды көрсетеді. Қысқа жолды таңдасаңыз, тез, оңай ғашық болатын адамсыз, ұзақ жолды таңдасаңыз оңайлықпен ғашық болмайсыз деген сөз.
2. Қызыл раушан қарым-қатынасқа қаншалықты барыңызды салатыныңызды, ал ақ раушан орнына не күтетініңізді көрсетеді. Мысалы, 18 қызыл, 3 ақ раушан таңдасаңыз, 90 пайыз сіз беріп, 10 пайыз қайтарымын күтесіз деген сөз.
3. Бұл сіздің арада болатын мәселені қалай шешетініңіз. Егер біреу шақырып келсе, проблеманы шешуге асықпай, өзінен-өзі бірдеңе болғанын күтесіз. Ал өзіңіз барсаңыз, мәселе туындаған күйі өзіңіз шешімін табуға тырысасыз деген сөз.
4. Гүлді қайда қоятыныңыз ол адамды қаншалықты жиі көргіңіз келетініне байланысты. Төсекке қойсаңыз, барынша жиі кездескіңіз келеді, терезенің алдына қойсаңыз, сирек кездесу де жеткілікті.
5. Бұл ол адамның тұлғасын қалай қабылдайтыныңыз. Ұйықтап жатса, серігіңізді сол қалпы жақсы көресіз. Ояу болса, сіз үшін мінезін өзгертеді деп сенесіз.
6. Кері қайтар жол сіздің қарым-қатынасқа қаншалықты берік екеніңізді көрсетеді. Қысқа жолды таңдасаңыз, серігіңізден тез суынасыз. Ұзақ жол – біреуді ұзақ уақыт бойы жақсы көресіз.
Мұндай тесттер 100% шындықты көрсетпейтінін ұмытпаңыз. Бірақ белгілі бір деңгейде өзіңізді тануға септігін тигізетіні анық.