Ғылым

ҰБТ-ға дайындық: сіз қолданып жүрген «пайдасыз әдістер»

Психологтардың айтуынша, мектеп оқушысының тестке дайындығы сапалы жүру үшін ҰБТ кезінде сәтсіздікке соқтыратын кейбір «әдістерді» де еске түсіру керек екен.

Мәселен, мынадай қажетсіз «әдістерден» дәл қазір бас тартыңыз:

Материалды (формула, жылдар және терминдерден басқасын) сөзбе-сөз жаттауға тырыспаңыз. Өйткені басыңызда ақпараттық шатасулар пайда болады да, нәтижесінде сіз бәрін тез ұмытып қаласыз. Түсінбеген тұстарын мұғалімнен сұраған дұрыс.

Түні бойы оқулықтан бас алмай дайындалуға болмайды. Оның арты жақсылыққа соқтырмайды. Ағзада ауру тудырып, денсаулығыңызға нұқсан келтіруіңіз мүмкін.

Аптасына 2 рет таңнан кешке дейін дайындалсам болды деген әдіс жақсы нәтижеге жеткізбейді. Одан да жарты сағатқа болса да арасын үзбей күнделікті дайындалған дұрыс.

Мұғалімдердің барлық кеңесі жарамды бола бермеуі мүмкін.

Бір ғана ақпарат көзін пайдаланбаңыз. Ол сізге қажетті барлық мағлұматты қамтымайды әрі сұрағыңызға толық жауап бермейді. Бір тақырып бойынша басқа да дереккөздерді салыстыра отырып қарап шыққан жөн.

Ұлттық тестілеу орталығының веб-сайтында тестілік сипаттамаларға қатысты білім мен дағдыларға қойылатын талаптарды көпшілігі ескере бермейді. Содан кейін түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Мұғаліміңіз ескертпесе де, өз бетіңізше сайтты қарап шыққан артық болмайды.

Тек мектеп бағдарламасы бойынша алған біліміңізге сеніп немесе шпаргалкадан көшірем деп ойламаңыз. ҰБТ барысында жағдай қалай өзгеретінін білмейсіз.

ҰБТ-ға дайындықты соңғы бір айда немесе бірнеше күн қалғанда ғана бастау – үлкен қателік. Миыңыз қатты күш салудың салдарынан стрессте болады да, алған ақпаратты тиімді өңдей алмайды.

Емтихан тапсырудың оңай жолдарын іздемеңіз. Тыйым салынған заттармен (шпор, телефон, гаджет) тест өтетін аудиторияға кірмекші болып тырысқаныңызбен, бәрі сіз ойлағандай шықпай, дисквалификациялануыңыз ғажап емес.

Өзіңізден басқа ешкімге сенбеңіз. Сонда нәтижесіне қарай ешкімнен де кінә іздемейсіз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button