Қоғам

Қазақстан халқы 19 миллионға жақындады

2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстандағы халық саны 18 млн 940 мың 400 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Бір жылдың ішінде халық саны 250 мың 200 адамға көбейген.

Ауыл халқының саны – 7 млн 700 мыңнан асады. Ал қала халқы – 11 млн 200 мыңнан аса.

2021 жылғы қаңтар-наурызда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда (61,5 мың адам) 4,6% өсіп, 64,3 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,73 адамды құрады.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button