Қоғам
Қазақстанда шетелдің 15 мың азаматы жұмыс істеп жатыр
Қазақстанда қазір 15 443 шетел азаматы жұмыс істеп жатыр. Бұл – 2021 жылдың 1 мамырындағы дерек. Мәліметті берген – Елдің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Шетелден келген жұмысшылардың көбі, яғни, 8 мыңға жуығы білікті мамандар. 650 азамат – басшылар мен орынбасарлар, тағы 3 мыңнан астамы – бөлім және бөлімші басшылары.
Еңбек мигранттарының арасында Қытай мен Өзбекстаннан келген мамандар көп. Қытайдан – 3 656 адам, Өзбекстаннан – 1 741 адам, Түркиядан – 1 588 адам, Үндістаннан – 1 090 адам, Ұлыбританиядан – 930 адам келген екен.
Айта кеткен жөн, Қазақстан жыл сайын шетелдік жұмыс күшін елге тарту үшін арнайы квота бөледі. Биыл 29 мыңнан аса квот бөлген екен.