Қоғам
Қазақстандағы тоқпен жүретін көліктер утиль салықтан босатылды
Қазақстанға әкелінген электрлі көліктерге утилизациялық салықтан босатылды. Енді электробус пен электр көлігін, электр жүк көліктері біршама арзан бағамен келмек. Бұл жайлы «Оператора РОП-тың» баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш бастаманы Оператора РОП компаниясы 2020 жылы көтерген екен. Ресми құжатқа 2021 жылы 13 мамырда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қол қойды. Құжат 4 маусымнан бастап күшіне енеді.
Айта кеткен жөн, М1 электрлі көліктерге бұған дейін 437 550 теңге, М2, М3 категориялы көліктерге – 1 166 800 теңге утилизациялық алым төленген еді. Енді бұл салықтан босатылмақ.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 422 тоқпен жүретін көлік бар екен.