Қоғам

Қазақстанда шетелден цемент әкелуге тыйым салынды

Елдің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шетелден цемент тасымалдауға уақытша тыйым салды.

Атап айтқанда, клинкер цемент, портландцемент, балшықты цемент және гидравликалық цемент әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынып отыр. Әсіресе, үшінші елдерден аталмыш цемент түрлерін әкелуге болмайды.

Құжат Әділет министрлігінде 11 мамырда тіркелген. Алғаш жарияланған сәттен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button