Қоғам

Өзбекстаннан Қазақстанға жіберілген қызанақтан вирус табылды

Көрші елдерден Қазақстанға жіберілген қызанақтардан қоңыр әжім вирусы табылды. Бұл жайлы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті хабарлады.

Комитеттің аумақтың инспекторлары жыл басынан бері Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан мен Түркиядан тасымалданған жалпы салмағы 700 тоннадан астам қызанақтан ауру жұқтырушы вирус анықтаған. Қазақстанға қызанақтың 50 шақты партиясы өткізілмек болған.

Ел заңнамасына сәйкес, қоңыр әжім вирусы (ToBRFV) анықталған көкөністерді Қазақстанға кіргізуге тыйым салынған.

Қоңыр әжім вирус дегеніміз – қызанақ пен томат өнімдерінде кездесетін ең қауіпті вирус. Мұндай вирус алғаш рет 2015 жылы Иорданияда анықталған. Бұған шалдыққан қызанақтың түрі сарғайып, өңі босап, бетінде қожыр дақтар пайда болады. Вирустың адамға қатері мен қаупі жайлы әзірге зерттеу жоқ. Алайда мұндай вирус ел аумағына енсе, бау-бақша мен егін өнімдеріне шабуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button