Қоғам

Айлығын теңгемен алатындар үшін былтыр қандай жыл болды?

Көбіміз ақшамызды доллармен сақтауды тиімді деп есептейміз. Алайда айлығымызды теңгемен аламыз. Доллар бағамының өзгерісін қарап отыру күнделікті әдетімізге айналған.

Былтыр теңге рубльге қарағанда нығайды. Ал доллар мен евроға қатысты айтарлықтай құнсызданды. Тіптен, евро ең қымбат көрсеткішке жетіп антирекорд орнатты.

2020 жылы доллардың теңгеге қатысты рекордтары

2020 жыл басталған тұста бір доллар 382 теңге 59 тиын бағамына тұрақтаған болатын. Содан кейін 22 ақпанға бір доллар 375,87 теңгеге дейін төмендеді.

Ал, наурыз айы ұлттық валютаның күрт құлдырауымен ерекшеленді:

  • 10 наурызда доллар бағамы 382,05 теңгені құрады;
  • 11 наурызда – 399,6 теңге;
  • 13 наурызда – 399,24 теңге;
  • 14 наурызда – 405,46 теңге;
  • 19 наурызда – 439,32 теңге;
  • 20 наурызда – 448,5 теңге болды.

Осылайша, бар болғаны 10 күнде доллар бағамы Қазақстанда 17,4%-ға немесе 66,5 теңгеге жуық өскен.

Маусым айының басына дейін жалғасқан күрт өсуден кейін, артқа шегіну орын алды – сол кезде америкалық валютаның ресми құны 400 теңгеден түсіп кеткен еді. Бірақ теңге сол деңгейінде тұрақтап қала алмады: 10 шілдеде бағам 410 теңге белгісінен тағы да асып түсті.

Қыркүйекте доллардың ресми бағасы 420 теңгеге дейін, ал қазан айында тіпті 430 теңгеден асып кетті. 3 қарашада оның бағамы 434,58 теңгені құрады.

Соңғы 2 айда тағы нығаю тренді байқалды – америкалық валютаның ресми құны тағы да 420 теңгеден төмендеп кетті. Алайда, 2020-шы жыл бұл белгіден сәл жоғарырақ деңгейде аяқталды – 2021 жылдың 1 қаңтарына доллар бағамы 420,91 теңге құрады.

Доллар бағамының өткен жылғы маңызды көрсеткіштері:

  • Ең төменгі бағамы – 375,87 теңге (22 ақпан);
  • Ең жоғары бағамы – 448,52 теңге (2 сәуір);
  • Айырмашылығы: 72,65 теңге;
  • Бір жылдағы жалпы серпін: доллар 10%-ға қымбаттады;
  • Жыл қорытындылары бойынша бағам өзгерісі: +38,12 теңге.

Евро орнатқан антирекорд

Евроның серпіні доллармен ұқсас. Өткен жыл 429 теңге белгісінде басталса, енді ақпанның ортасында оның бағамы 410 теңгеге құлап кеткен. Дегенмен, еуропалық валюта наурызды 420,8 теңгемен бастайды да, тіпті 495,86 теңгемен аяқтап, алғаш рет бірлігі үшін 500 теңгеге жуық белгіге жақындайды.

2 қыркүйекте евроның ресми құны алғаш рет 500 теңгеден асып түскен.

2 айдан кейін тағы бір жаңа деңгей – 510 теңге биігі алынды. 2020 жыл 516,13 теңге деңгейінде аяқталды. Ал бұл жаңа рекорд еді, бұған дейін республикамызда еуропалық валюта үшін осыншама қымбат ешкім сұрамаған екен.

Евро бағамының өткен жылғы маңызды көрсеткіштері:

  • Ең төменгі бағам: 406,18 теңге (21 ақпан);
  • Ең жоғары бағам: 516,13 теңге (31 желтоқсан);
  • Айырмашылығы: 110,61 теңге;
  • Бір жылдағы жалпы серпін: евро 20,3%-ға қымбаттаған;
  • Жыл қорытындылары бойынша бағам өзгерісі: +87,13 теңге.

Былтыр рубль үшін ауыр жыл болды

Былтыр рубльдің жағдайы қарама-қарсы жағдайда өрбіді. Ресейлік валюта өткен жылдың басында 6,16 теңге болса, жыл аяғында – 5,65 теңгеге түсіп кетті. Сөйтіп, теңге рубльге қатысты 2020 жылы 8,3%-ға нығайған.

Бұл ретте жылды 3 шартты кезеңге бөліп қарастыруға болады:

  1. Ақпанның соңынан бастап наурыздың ортасына дейінгі 3 аптада рубль бағамы 5,9 теңгеден 5,3 теңгеге дейін құлап кеткен.  
  • Сонан кейін теңге де құлдырап, рубль бағамы 5,7 теңгеге дейін қайта қалпына келген. 5,7-5,8 теңге дәлізінде ол тамыздың соңына дейін тұрақтай алды.
  • Қыркүйектен желтоқсанға дейін тағы бір тұрақтылық кезеңі қалыптасты – рубль көп жағдайда 5,5-5,6 теңге аумағында бағаланды.

2020 жылдың соңында ресейлік валютаның құны жаздан бері алғаш рет 5,7 теңгеден асып түсті.

Рубль бағамының өткен жылғы маңызды көрсеткіштері:

  • Ең төменгі бағамы: 5,31 теңге (13 наурыз);
  • Ең жоғары бағамы: 6,2 теңге (14 ақпан);
  • Айырмашылығы: 0,89 теңге;
  • Бір жылдағы жалпы серпін: рубль 8,3%-ға арзандаған;
  • Жыл қорытындылары бойынша бағам өзгерістері – 0,51 теңге.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button