Қоғам

Кредит тарихын қалай түзете аламыз?

«Qadam.asia» қаржылық сауаттылыққа байланысты үзбей мақалалар жариялап келеді. Редакцияның мұндағы мақсаты – құқықтық білімді, табысын көбейтудің тетіктерін меңгерген, орта тапқа жатуға мүмкіндігі мол оқырман қалыптастыру.

Көбіміз қаржылық мүмкіндіктерімізді бағалай алмағаннан кредитке ұрынамыз, тапқан ақшамызды жаратып жіберіп, ай соңына қарай көк тиынсыз қаламыз. Бұл тағы да қарызға батуға себепші болады. Сондықтан, қаржылық сауаттылығымызды жетілдірудің маңызы зор.

Қазір ең күрделі мәселелердің бірі – кредит. Кредит алатын кезде неге мән беру керек екенін де, төлей алмаған жағдайда не істеуге болатынын да білмей жатамыз. Ал, кредиттік тарихымызды бүліндіріп алсақ не істейміз?

«Оңалтылды» мәртебесін қалай аламыз?

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы №19 қаулысына сәйкес бірқатар өзгертулер енгізілген. Бұл өзгертулер кредит тарихына қатысты кейбір жеңілдіктерді қарастырады.

Ендігі жерде кредиттік бюро бұрын 90 күннен астам мерзімінің өтуіне жол берілген кредитке қатысты «Оңалтылды» мәртебесін қарыз алушы мынадай талаптарды сақтаған кезде береді:

Маңызды:

Кредит бойынша берешек өтелгеннен кейін бір жыл аяқталған соң «Оңалтылды» мәртебесін ала алады.

Есте сақтаңыз:

Мысалы, егер қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредит бойынша берешекті толық өтесе, онда 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиттік бюро кредитке «Оңалтылды» мәртебесін беруге тиіс.

Маңызды:

Кредит бойынша қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күні орын алған және қарыз алушы құрылымдау немесе қайта қаржыландыру жүргізілгеннен кейін жыл ішінде күнтізбелік 30 күннен астам мерзімін өткізуге жол берілмеген берешек сомасының 50%-ы өтелгенде «Оңалтылды» мәртебесін ала алады.

Есте сақтаңыз:

Мысалы, егер қарыздың сомасы 500 мың теңгені құраса және қарыз алушы  2020 жылғы 1 қаңтарға дейін (2020 жылғы 1 қаңтар – қайта құрылымдау және қайта қаржыландыру күні) 250 мың теңгеден астамын өтесе, бұл ретте 2020 жыл ішінде қарыз алушы күнтізбелік 30 күннен астам мерзімін өткізуге жол бермесе, онда 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиттік бюро кредитке «Оңалтылды» мәртебесін беруге тиіс.

Маңызды:

Қатарынан соңғы 12 ай ішінде күнтізбелік 30 күннен астам мерзімін өткізу болмаған кезде, күнтізбелік 90 күннен астам мерзімін өткізілген берешек өтелгеннен кейін «Оңалтылды» мәртебесін ала алады.

Есте сақтаңыз:

Мысалы, егер қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйке кредит бойынша мерзімі өткен берешекті өтеген болса және 2020 жыл бойы  төлем мерзімін күнтізбелік 30 күннен аса кешіктірмеген болса, онда 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиттік бюро кредитке «Оңалтылды» мәртебесін тағайындауға тиіс.

Қарыз алушы өзінің кредиттік тарихын түзету үшін тағы нені білу керек?

Бұрын 90 күннен астам мерзімі өткен кредитке қатысты «Оңалтылды» мәртебесі мерзімі өткен берешектің өтелгенін көрсетеді.

Бұл ретте банк өзінің кредиттік саясаты негізінде қарыз алушының кредит қабілеттілігін айқындау құқығын өзіне қалдырады.

Маңызды:

Мұқият біле жүріңіз:

1. Кредиттік тарих субъектісі кредиттік бюроға ол туралы ақпарат келіп түскен сәттен бастап өзі туралы кредиттік есепті алуға құқылы.

2. Жиынтық деректер негізінде қарыз алушының скорингтік бағасы қалыптасады, қарыз алушының мәртебесі «жақсы» немесе «нашар» деп бағаланады.

3. Бұл өзінің негізгі борыштық көрсеткіштерін бағалауға және қажет болған жағдайда оларды түзетуге мүмкіндік береді. Мысалы: қарыз алушы бірнеше кредит алды, оларды дұрыс төлейді, бірақ кредит санының көп болуы теріс көрсеткіш болып табылады. Тиісінше, кредит тарихы жақсы болуы үшін жоғарыда айтылғанды ескеру қажет.

Есте сақтаңыз:

Сондай-ақ, субъектіге енгізілген деректердің дұрыстығына және мерзімі өтіп кетудің болмауына көз жеткізу мүмкіндігі ұсынылады.

Мысалы, қарыз алушы өтелмеген берешек үшін төлем жасады, бірақ олар үшін пайыз жинақталған және мерзімін өткізіп алу тіркелген бірнеше теңгені ғана құрайтын қарызды ескермеді.

Есте сақтаңыз:

Кредиттік тарих мониторингі қарыз алушыны алаяқтардан қорғайды.

Мысалы, егер алаяқтар қарыз алушының деректерін иеленіп кредит алса, олардың әрекеттері қарыз алушының кредиттік тарихында бейнеленеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кез келген азамат күнтізбелік жыл ішінде бір рет жеке кредиттік есепті, заңды тұлға корпоративтік есепті алуға құқылы екенін біліп жүріңіз.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button