Қоғам

Пандемияға дайындық: Жазда мұғалімдер қанша күн демалады?

Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Ал ұстаздар қауымы әдеттегідей 56 күн демалады. Біраұ 19 маусымнан кейін ғана.

Бірақ негізгі оқу жылы аяқталғанымен, 19 маусымға дейін жазғы мектеп ұйымдастырылады. Оған оқушылар тегін барып, тегін қатысады. Оқушының қалауына байланысты.

«Оқушылар 25 мамырдан бастап демалысқа шығады. Бірақ 19 маусымға дейін жазғы мектеп болады. Оған кез келген оқушы қалып, білімін шыңдаса болады. Мұғалімдер әдеттегідей 56 күн демалыста болады. Бұл – олардың құқығы. Келесі оқу жылына біз дайындықпен кіруіміз керек. Пандемияның бар салдары ескеріледі. Ешетеңе болмағандай түр танытуға болмайды», – деп өтті ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button