Қоғам

Зейнетақы желігі басылды: Баспана бағасы тұрақталды

Қазақстанда баспанаға деген сұраныс артқанымен, баға сол қалпы қалып отыр. Қымбатшылық белгілері байқалмайды.

Өйткені зейнетақы қаржысы айналасындағы ажиотаж аяқталды. Мәселен, зейнетақы қаржысын шешуге рұқсат берілген сәтте оны алуға өтініш қалдырушылардың саны алғашқы айда 168 мың адам болса, өткен айда тек 64 мың адам ғана өтініш берген. Бұл дегеніміз – зейнетақы қаржысын алушылардың сааны күннен-күнге азайып барады деген сөз.

Ал 18 мамырға дейін 275 мың адам зейнетақы қаржысын шешіп алуға өтініш берген. Бұлардың басым бөлігі қаржысын үй сатып алуға емес, бұрын алған ипотекасын жабуға жұмсаған.

Мамандардың айтуынша, зейнетақы қаржысына деген сұраныс азайғанына байланысты тұрғын үй нарығындағы баға да арзандайтын болады.

Сарапшылардың айтуынша, тұрғын үй бағасының бұлай күрт қымбаттап кетуіне бұқаралық ақпарат құралдары мен эксперттердің зейнетақы қаржысы шешілсе, баға қымбаттайды деген шала болжамы себеп болған. Мәселен, 2020 жылы тамызда екінші нарықтағы баспананың бағасы әр шаршы метріне 214 мың теңгеден болса, зейнетақы бағдарламасы іске қосылғанда 30 мың теңгеге дейін қымбаттап, 244 мыңға жеткен. Алайда алыпсатарлардың үміті ақтала қоймады. Ақпан айында басталған ажиотаж сәуірде-ақ бітіп қалды.

Бұған дейін де экономисттер тұрғын үй нарығында негізсіз баға мен «көбік» көбейіп, кейін бәрі сабырға түсетінін болжаған. Мәселен, экономист Айдархан Құсайынов зейнетақы жарнасын шешіп алғысы келетін азаматтардың көбінде тұрғын үй алуға қаржысы жетпейді. Сондықтан баға көтерілгенімен, оны сатып алуға көптің қаражаты жетпей, баға төмендейді.

«Қазақстанда зейнетақы жинап жатқан 750 мың адамның 300 мыңында ғана оны шешіп алуға мүмкіндік бар. Оның өзінде ескеретін жайттар бар. Мәселен, сізге берілген шекті сома 4 млн болып, ал жинағыңыз 4,5 млн болса, онда сіз 500 мың теңгеңізді ғана шешіп ала аласыз. Қалған 400 мың салымшының шекті сомадан асатын ақшасы 100-150 мыңның айналысында ғана. Бұл үй алуға алғашқы жарнаға жетпейді де! Яғни, елде зейнетақысын шеше алатын азаматтың саны 100 мыңға әрең жетеді. Ал бұл тұрғын үй нарығына қосқан тамшыдай ғана«, – деп түсіндірген еді экономист.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button