Қоғам

Жерді шетелдіктерге сату жөніндегі заңды енді Сенат қарайды

Бүгін, 14 сәуір күні өткен Парламент мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасының екінші оқылымы өтіп, депутаттар бір ауыздан мақұлдады. Енді заңды жоғары палата – Сенат қарамақ.

Заң жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен дайындалды.

«Заң жобасы 5 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады және шетелдік жер пайдаланушылардың, Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығымен және жер пайдалану құқығымен қандастардың иеленуіне тыйым салуды енгізуге қатысты. Заң жобасын Палата ағымдағы жылдың 7 сәуірінде бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасын қарау барысында депутаттар заң жобасын енгізу мақсаттарын күшейтуге бағытталған түзетулер енгізді», – деді депутат Берік Оспанов.

Айта кеткен жөн, 7 сәуір күні мәжіліс депутаттары Жер туралы заңның бірінші оқылымын өткізіп, оны қабылдауға бір ауыздан келіскен еді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button