Мәдениет

Құрбандық шалу бізге қалай жетті?

Бүгін – мұсылмандардың Құрбан айт мейрамы. Халық құрбандық шалып мәре-сәре болатын кезең. «Құрбандық шалу бізге қалай жетті» деген сұраққа жауап беретін боламыз.

***

– Құрбан айттың алдындағы күн қалай аталады?

– Арапа күні деп аталады.

– Арапаның алдындағы күн қалай аталады?

– Таруия күні деп аталады.

– Таруия күні қандай оқиға болған?

– Ибраһим аләйһис саләм ұлы Исмайыл аләйһис саләмды құрбандыққа шалып жатқанын түсінде көріп: «Бұл қандай түс?», – деген ойға қалады.

– Арапа күні қандай оқиға болды?

– Ибраһим аләйһис саләм жасаған дұғасы бойынша түсті екінші рет көрді.

– Айт күні қандай оқиға болды?

– Ибраһим аләйһис саләм ұлы Исмайыл аләйһис саләмды құрбандыққа шалмақ болады.

– Ибраһим аләйһис саләм ұлы Исмайыл аләйһис саләмды құрбандыққа шалды ма?

– Шалмады. Бауыздайын деп тұрғанда Алла тағаланың әмірімен Исмайыл аләйһис саләмның орнына Жәбірейіл періште аспаннан бір қой түсірді. Ибраһим аләйһис саләм ұлын босатып, оның орнына қойды құрбандыққа шалды. Сондықтан құрбандық шалу бізге Ибраһим аләйһис саләмнан жеткен амал.

«Ислам ғибадаты» кітабынан

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button