Мәдениет

Burshaq: Жаңа буын поэзиясы

Мамыр айының 15 күні Алматы қаласында Ozge Epic өнер кеңістігінде қазақ поэзиясының жаңа буын өкілдері өлеңдерін оқып, көрермендердің көзайымы болды.

«Burshaq» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған поэзия кешіне келген жастардың қарасы көп. Бұл аталған бірлестіктің алғашқы кеші. Мұндай форматтағы кештер әлі де жалғасын табады деп отыр.

Кеште елімізге танымал емес, бірақ өлеңдерін кейінгі жаңа буын сүйіп оқитын, іздеп оқитын ақындар жиналды. Атап айтқанда: Бауыржан Майтай, Аслан Қуанышұлы, Салтанат Қайырбек, Жұлдыз Молдағали, Айжарық Сұлтанқожа, Ақжан Аманжол және Qadam.asia редакциясының журналисі әрі ақын Әсел Кәрібай қатысты.

Кештің ерекшелігі ақындар өздері туралы ешқандай ақпарат берген жоқ. Бірден өлең оқудан басталған кеш тек қана романтикалық кеңістікте тербелгендей болды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button