Мәдениет

Депутат: Қазақ даласы Амазон орманы сияқты құнды экожүйе

Қазақстан мәжілісінің депутаты Айжан Ысқақова әлемдік экологиялық проблема шеңберінде қазақ даласының экожүйесі мен биосферасын сақтап қалу жөнінде мәселе көтерді. Мұны ол Мәжіліс отырысында депутаттық сауал жолдауда айтты.

Депутаттың айтуынша, қазір адамзат өркениеті жер әлемінің құнды мекендерін сақтап қалу мәселесімен бетпе-бет келуде. Амазон орманы, Дүниежүзілік мұхит, Гольфстрим ағысы, Антарктида мұздығы сынды бай экожүйелерді сақтап қалуға тырысып жатыр.

«Бұл қатарға біз Қазақ даласын да қосуымыз міндетті. Қазақ даласы – өте құнды экожүйе. Халықаралық сарапшылардың мәліметінше, дүниежүзіндегі ең құнды дала экожүйесінің басым бөлігі дәл осы Қазақстанда жатыр. Әрі қазақ даласының биосферасы өзгеріске ұшырамай, табиғи түрде сары майдай сақталып қалған. Дала – қазақ халқының шынайы байлығы, түрік халықтарының қасиетті бесігі«, – дейді Айжан Амангелдіқызы.

Депутаттың ойынша, қазақ даласын сақтау – ұлттық мүддеге, халықтық дүниеге айналуы тиіс. Оның үстіне, дала экожүйесін сақтауға әлем елдерінің бірде-бірі көңіл бөліп отырған жоқ. Соның ішінде Қазақстан да бар.

«Ерекше қолдау мен бақылауға алынған мемлекеттік ескерткіштердің арасында қазақ даласының белгілері жоқ. Сондықтан Батыс Қазақстанда дала өркениеті сақталып қалған Бөкей Ордасының мемлекеттік резервуарын құру қажет. Мұнда 2 мыңға жуық эндемикалық өсімдік тараған. Әсіресе, киікті сақтап қалу – аса маңызды«, – дейді депутат.

Оның айтуынша, мұндай резервуатты құру қиын емес. Өйткені Ресей Қазақстанмен шекаралас Волгаград аумағында мемлекеттік дала кешенін аз уақыттың ішінде құрып, Эльтон биосфера резервуарын құрып ЮНЕСКО тізіміне қосқан. Қазір Ресей тарабы Қазақстанға трансшекаралық биосфералық резервуарын құруды ұсынып отыр.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button