Мәдениет

Марсель Пруст сауалнамасына бірге жауап беріп көрейік

Викториан дәуірінде (1837-1907 ж.ж.) Англияда өзгеше салондық ойын кеңінен танымал бола бастады. Оның мәні – «Ойларды, сезімдерді жазуға арналған альбом» атты арнайы альбомдағы бірнеше сұрақтарға жауап беру еді. Бұл ойын бүкіл Еуропаға тез тарады және әр түрлі әлеуметтік топ өкілдері арасында өте ұзақ уақыт бойы өзектілігін жоғалтпады.

Сауалнамаға жауап бергендердің арасында неміс философы Карл Маркс, француз актері Жерар Филип, америкалық жазушы Джон Апдайк, кеңестік режиссер Андрей Тарковский, америкалық ғалым Артур Хеллер және басқа да танымал адамдар болған. Бірақ француз жазушысы Марсель Прусттың арқасында ғана бұл сауалнамалық ойын қазіргі күнге дейін жеткен.

XIX ғасырдың соңы, Марсель Прусттың жасөспірім шағында құрбысы Антуанетта осы сауалнаманы толтыруды ұсынады. Ол 1895-1899 жылдары Франция президенті болған Феликс Фордың қызы болатын.

Қазіргі күні «Марсель Пруст анкетасы» аталып кеткен сауалнамаға жазушы өмірінің әр жылдарында ерекше энтузиазммен жауап берген. Бірақ бізге тек екі нұсқасы ғана жетіп отыр. Оның бірін 1886 жылы болашақ қаламгер 15 жаста болғанда толтырыпты, ал екіншісі 1891-1892 жылдардың бірінде 20-21 жасында жазған.

Марсель сауалнамасы әлі күнге дейін актуалдылығын жоғалтқан жоқ. Кейбірі мұны еріккеннің ермегі деп те қабылдауы мүмкін. Бірақ бұл өзіңді тануға, өзіңмен тілдесуге көмектесетін, әр жылда ойың мен көзқарастарыңның қалай өзгергенін бақылауға болатын таптырмас құрал десе де болады.

Төменде жазушының әр жылдары жауап берген екі сауалнамасын ұсынамыз. Сіз де «Марсель Пруст сауалнамасына» жауап жазып көріңіз!

№1 сауалнама. 15 жастағы Марсельдің жауаптары:

№2 сауалнама. 20-21 жастағы Марсельдің жауаптары:

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button