Саяхат

Шенген визасы: Қазақстан мен Өзбекстан ынтымағын арттырды

Қазақстан мен Өзбекстан туристтік бағытта арнайы виза түрін енгізді. Еуропа елдері қолданып жүрген шенген визасына ұқсас бұл визаның атауы – Silk Road Visа. Туристтік визаның техникалық жақтары толық шешілді. Енді мемлекетаралық келісімді аяқтау ғана қалды.

Аталмыш жобаның аясында арнайы портал ашылады. Шетелдіктер осы порталға виза алуға өтініш береді. Өтініш 48 сағаттың ішінде қаралып қабылданады.

«Бұл визаға Қырғызстан мен Әзербайжан да қосылғысы келеді. Тәжікстан мен Моңғолия, Кавказ маңындағы елдер де қосылуға ниетті. Қазір келіссөздер жүруде», – дейді Өзбекстанның Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов.

Ал Қазақстанның Мәдениет министрлігі бұл визаның мәртебесі Еуропадағы шенген визасының дәрежесімен бірдей екенін айтады. Бұл құжат кедендік және визалық, шекаралық мәселелерді реттеуге көмектеседі. Әрі туристтердің Орталық Азия елдеріне келуін жеңілдетеді.

Айта кеткен жөн, Орталық Азия елдеріне келген туристтерге бірыңғай виза беру идеясын алғаш 2018 жылы Дариға Назарбаева ұсынған еді.

Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та 2019 жылы өткен ТМД елдері басшыларының кеңес отырысында Шенген визасын енгізуді ұсынды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button