Саяхат

Түркияға барудың ең арзан жолы қандай?

Кез келген адам өзге елге саяхаттап, демалып қайтқысы келеді. Әрине бірінің қалтасы көтерсе, бірінің қаражаты жетпейді. Турлардың бағасын көргенде көңілдеріңіз түсіп, «ой, қаншама ақша керек, әзірге ақшам жоқ», деп саяхаттауды кейінге сыра бересіздер.

Армандап жүре бермей, өте арзанға өзіңіз немесе жақындарыңызбен барып қайтыңыз. Бірақ қалай?!

Түрік тілін шамалы болса да үйреніп алыңыз

Мысалы, аэропорттан түсіп, өзіңіз жергілікті халықтан жол сұрап, Түркияны еркін аралай аласыз. Ешқандай гидтің керегі болмайды. Асылында түрік тілі біздің тілге өте жақын. Нан мен жол сұрауды үйрену үшін де көп уақытыңыз кетпейді. Алдыңыздан такси шығады. Сізге 10000 тг деген бағаны ұсынады. Түркияда таксилердің бағасы өте қымбат. Бірақ тілді білсеңіз  3000тг дейін түсіре аласыз. Немесе барар жеріңізге қандай автобус баратынын сұрап біле аласыз. Түріктер саудаласқанды жақсы көреді. Саудаға бейім ғой, білесіздер. Келісіп кез келген бағаны түсіруге болады. Қайтарда Түрік тауарларын түріктермен саудаласып, бағасын түсіріп, келісіп көтерме бағамен тауар алып қайта аласыз.

Airbnb – әлем бойынша жұмыс істейтін жүйе

Airbnb (тегін)

Басқа елдің мәдениетімен танысуға, араласуға қызығатын адамдар әлемнің әртүрлі елінен келген саяхатшыларды өз үйлеріне тегін тұруға шақырады. Бұл бағдарламаны қолданатын кісілер үйлеріне тегін тұруға, қонақ етуге ұсыныс жасайды. Ешқандай ақша алмайды. Тек осы жүйе арқылы ОНЛАЙН байланысқа шығып, келісе аласыз.  Жүйе Түркияда да жұмыс істейді.

 Airbnb (арзан баға)

Бұл жүйенің екінші қызметі, арзан бағаға тұрақжай таба аласыз. Үйлерін, пәтерлерін тіпті виллаларын өте арзан бағада күндікке береді. Кейде аталған жүйе арқылы қонақ үйлерді де арзан бағада таба аласыз. Әсіресе, бірнеше кісі болып жиналып келетін болсаңыз өте тиімді.

«BlaBla car» арқылы жол ақысын үнемдеңіз

Туркияда тиімді саяхаттау үшін ең бастысы – үнемділік жасау. Жол ақысы қымбат болғандықтын осы «BlaBla Car” қосымшасы арқылы жол ақысын үнемдей аласыз! Кез келген телефонға осы қосымшаны енгізіп аласыз. Дәл біздің «индрайвер» секілді серік болар жолаушылар да шығады. Мысалы, Стамбул-Каппадокия арасы автобус 120 лира яғни 7000 тг. алса, бұл қосымша арқылы 40 – 50 лираға бара аласыз ол дегеніміз 2-3 мың тг. Кез келген мемлекетте қолдана аласыз. Үйден алып, үйге жеткізеді. Бірақ жалғыз жүрмеңіз, 2-3 кісі болсаңыз тіпті жақсы.

Әлия БОСТАН

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button