Спорт

Қылығы қызық: Фотоқұртқыш Уэльс құрамасының есі дұрыс бірде-бір суреті жоқ

Уэльс футбол құрамасының 2002 жылдан бері әдетке айналып кеткен бір фотоқұртқыш қылығы бар. Бұл команда фотоның бүкіл заңдылығын құртып, суретке эстетикалық жағынан түсу, әдемі фотоға түсу дегеннің бәрін қасақана бұзған құрамаға айналды. Жібі түзу бір суреті жоқ. Симметрия мен үйлесім атымен жоқ.

Әшейінде елдің бәрі суретке әдемі түскісі кеп, қатар мен симметрияны сақтап түссе, Уэльс жігіттеріне бұл «жүрмейтін тема». Суреттің быт-шытын шығарудан нөмір бір.

Біздің не айтып отырғанымызды түсіну үшін мына фотоларға мән беріңіз.

Мынау Уэльс құрамасының 2002 жылы Италияда басталған Еуро-2004-ке іріктеу кезінде, ойынның алдында түскен фотосуреті. Нені байқадыңыз? Дәл солай. Ортасында тұруы тиіс екінші қатардағы 5 футболшы айдалада, сол жақта тұр.

Содан бері 20 жыл өтті. Еуро-2020-ның іріктеу мачтында Швейцариямен (1:1) кездесіп, тағы сол баяғы әдетіне басты. Команда капитаны, 11-ші нөмірлі Бейл Гарет өзімен-өзі сол жақта шетке барып тұрып алған.

Ал мына суретке 2018 жылғы Молдовадағы әлем чемпионатында түскен. Мүлдем нон-конформизм.

2017 жылы Ирландияға қонақ-кездесуге барған түскен суреттері. 10-нөмірлі ойыншы алдыға кеп отыра салса-ақ болады. Жо-о-оқ. Қырсығып сол жаққа әдейі барып алған сияқты.

Мынау 2016 жылы Сербияға барғанда түскен суреттері. Тағы да «системаны сындыру».

Грузияға барғанда түскен суреттері. 2016 жыл.

Мұның бәрін уэльс жігіттері әдейі істейді.

«Басында өзіміз де байқамаппыз. Қарасақ, түскен фотоның есі дұрыс бірі жоқ. Таңдап алуға ұят. Содан жалғастыруға мәжбүр болдық. Оған арнайы дайындық та қажет емес. Фотоға түсер алдында ақылдаса саламыз», – деп түсіндіреді құраманың жартылай қорғаушысы Джо Лэдли.

Мынау 2018 жылғы Еурода, Словакияда түскен сурет.

2016 жылы Украинамен достық кездесудің алдында түскен сурет. Киев қаласы.

2016 жыл. Вена.

2016 жылы Уэльс біраз таңқалдырды. Өз тобында Англия мен Ресейді жеңіп, плей-оффтан өтіп, жартылай финалға бір-ақ жетті. Сол кезде түскен суреттері.

Еуро-2021-де тағы сол қылыққа басты. Швейцариямен ойнар алдында былай суретке түскен.

Түркияға барғанда былай түскен.

1/8 финалда сол әдет.   

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button