Токио Олимпиадасына ел үмітін арқалап барған Бекзат Нұрдәулетов алғашқы кездесуінде ресейлік тәжірибелі боксшы Имам Хатаевпен кездесті.
Алғашқы раундта Бекзат Нұрдәулетов айтарлықтай өнер көрсете алмады. Сондықтан бұл раундты төрешілер бір ауыздан ресейлікке берді. Екінші раундта қазақ боксшысы есе қайтарып, дәл соққыларын дарытты. Бірақ үш төреші ғана дауыс берді.
Үшінші раундт тартысты өтті. Бұл раундты төрешілер ресейлікке берді.
Айта кеткен жөн, Имам Хатаев бұған дейінгі қарсыласын нокаутпен жеңген еді.
Хатаев пен Нұрдәулетовтің бұл кездесуі бірінші емес. Бұдан 3 ай бұрын Санкт-Петербургте өткен Губернатор кубогінде екеуі кездесіп, Бекзат Нұрдәулетов жеңіп шыққан.