Бүгін, 27 шілде күні, Токио Олимпиадасы аясында 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысы өтті.
Бұған қатысқан қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин жақсы нәтиже көрсетіп, жартылай финалға өтті. Қатысушылардың арасында төртінші боп келді.
Ал жартылай финал ертең өтеді.
Айта кеткен жөн, Д.Баландин бұған дейінгі жарыста, яғни, 100 метрлік жүзуде алғашқы кезеңнен өте алмай қалған еді.