Технология

Көзге түспейді: АҚШ әскері шыбынға ұқсатып дрон жасап жатыр

АҚШ-тың Қарулы Күштері мен Airion Health компаниясы бірігіп шыбын-шіркейге ұқсатып, ұсақ ұшу аппаратын жасауды қолға алды. Аппарат 2022 жылы шығарылмақ.

Мұндай кішкентай ұшу аппаратын жасауды АҚШ әскері 2014 жылы-ақ бастап кеткен. Сол жылы дизайнның патентін алып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазір шыбындай-ақ кіші қанатты аппараттың прототипі дайын.

Қарудың артықшылығы – шыбын не кішкентай құсқа ұқсайтыны әрі көзге көріне қоймайды. Қанаты дәл шыбындікі сияқты. Дрон не квадрокоптер сынды есептеу жүйесін орнатуға көп күш кетпейді. Басқару оңай болмақ.

Басқару күші аппараттың қанатына байланысты. Қанаты қозғалмалы. Асты-үстіге қозғалады. Соның есебінен жылдамдық алып, биік не төмен ұшады.

Роботтың екі қозғалтқышы бар. Соның арқасында аппарат 6 бағытта – асты-үсті, оңға-солға, алды-артқа қозғалады.

Қару жасалып біткен соң, АҚШ әскеріне беріледі. Америка қарулы күші мұны жаумен шайқасқанда, онымен тең түскенде қолданбақ.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button