Пернетақтамен жылдам жазуды үйрену жолы
Қазіргі мәтінді жылдам теру – тек баспадағы жұмысшыға ғана емес, экономист пен журналистерге, программист пен кеңсе қызметкерлеріне, жұмысы электронды құжаттармен байланысты барлық мамандарға қажет шеберлік.
Пернетақтада мәтін теруді қалай жалдымдатуға болады? Бұл жазбада мәтін теру жылдамдығын жақсартуға арналған тиімді әдістерді айтамыз.
Ең алдымен, мәтін жазу кезінде бүкіл саусақты пайдалануға тырысыңыз. Яғни, әр саусақты тиімді пайдалана біліңіз.
Пернетақтаға қарамай жазып үйреніңіз. Әрине, алғашқыда қиын болуы мүмкін, қате де көп кетеді. Оларды түзетіп, пернетақтаға қарамай жазуды үйренсеңіз, уақыт өте келе саусақ тактильді сезімталдық арқылы әріптің орналасуын есте сақтап, түймені дұрыс басатын болады. Жазу жылдамдығы да біршама артады.
Осы қағидаларды ұстану арқылы жазу жылдамдығын арттыруға болады. Сонымен қатар жылдамдықты арттыруға арналған бағдарламалар да бар. «Stamina» және «VerseQ» секілді бағдарламаларда пернетақтада жазып үйрену және жылдамдықты арттыру үшін бірнеше дейгей қарастырылған.
Жазу жылдамдығыңызды білгіңіз келсе, интернеттегі онлайн тестілерден өтіп көріңіз әрі пікір білдіре кетуді ұмытпаңыз.
Дайындаған: Дінмұхамед Русланұлы