Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты: Колледж мұғалімінің еңбекақысын өсіру керек

«Мұғалім мәртебесі» заңы қабылданып, мектеп мұғалімдері мен университет оқытушыларының еңбекақысы өсті. Бірақ колледж мұғалімдері тасада қалды. Осылай дейді Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова.

Оның айтуынша, білікті мұғалімдер колледжден кетіп жатыр.

«Ал мұндай техникалық білім беру мекемелерінде білім мен білік жоғары болуы тиіс. ҚР БҒМ-ның ақпаратына сенсек, колледж мұғалімдерінің еңбекақысы көтеруді республикалық комиссия қолдап отырған жоқ. Осы мәселемен айналасу керек», – деді депутат  Ирина Унжакова Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің қызметкерлерімен кездесуде.

Дереккөз
zakon.kz

Ұқсас мақалалар

Back to top button