Жаңалықтар

Университет оқытушыларының еңбекақысы өседі

2021 жылдың қыркүйек айынан бастап ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орнының қызметкерлерінің еңбекақысы өседі. Бұл жайлы ҚР Білім және ғылым министрлігі.

«Енді университет оқытушыларының еңбекақысы 200 мың теңгеден кем болмайды. Ал жоғары санатты оқытушылардың еңбекақысы 230 мың теңгеден жоғары болады. Ассоциациялық профессор 260 мың теңгеден, профессорлық құрам 350 мың теңгеден бастап алады. Ұлттық жоғары оқу орнының профессорларының еңбекақысы кем дегенде 400 мың теңгеден басталмақ», – деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, аталмыш бастама мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынды.

«Оқытушылардың еңбекақасы өскені – жұмыс жүктемесі көбейеді деген сөз емес. Керісінше, жұмыс азаяды. Соның арқасында ғалымдардың ғылыммен айналысуына жол ашылады», – дейді ҚР білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, енді ең минималды ставканың көлемі – жылына 680 сағат болмақ.

Ұқсас мақалалар

Back to top button