Қоғам

Азық-түлік бағасы апта сайын өсіп жатыр

Өткен аптада 19 атауды қамтитын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 100,1%, ай басынан – 100,8%, жыл басынан бері 102,4% құрады.

Яғни, азық-түлік бағасы өскен үстіне өсіп жатыр. Баға бірден шарықтап кетпей аз-аздан көбейгесін, қымбатшылық соншалық сезілмейтіндей көрінеді. Алайда, қымбатшылық мәселесі өзектілігін жоймай отыр.

Құзырлы органдар баға статистикасы мен индексін апта сайын бақылап отырады. Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері азық-түлік бағасы өсіп келеді.

2021 жылғы 16 мен 23 ақпан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі мен орташа бағаларды көріп, бұған толықтай көз жеткізесіз.

2021 жылғы 23 ақпандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа бағасы

Бұл азық-түлік тауарлары адамның өмір сүруіне ең қажетті өнімдер ретінде таңдап алынған. Алайда, осы 19 атауды қамтитын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы елдегі ең төменгі жалақы мөлшеріне сәйкес келе ме?

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button