Бизнес

Енді қазақша жазуға ештеңе кедергі емес

Тіл – қатынас құралы болумен қатар, халық жүрегінен орын алған сокральдық мәнге ие. Барлық ғылым, ұғымдар, түсініктер тіл арқылы қалыптасты. Тіптен, миллиондаған адамдар бір тілдің төңірегіне топтасып, ұлтқа айналды.

Біздің қоғамда бұл міндетті қазақ тілі атқарады. Анығы, атқаруы тиіс. 

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы қазақ тілін әдебиеттің тіліне айналдыра алды. Ал, ХХ ғасырдың басындағы Әлихан, Ахмет, Мағжан, Міржақып секілді алашордалықтар қазақ тілін мәдениеттің, саясаттың, ғылымның тіліне айналдыру жолында елеулі еңбек етті. 

Алашордалықтар алғаш рет қазақ тілінде әліппе шығарды, іргелі ғылымдардың оқулықтарын құрастырды. Осының арқасында қазақ жастары өз тілінде сауат ашып, әлемнің ғылымын таныды. Түрлі саладағы беделді мамандарға айналды. 

Кейіннен еліміз Тәуелсіздік алып, қазақ тіліне – Мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Бұл өлшеусіз қуаныш еді. Тек қазақ тілінің шынайы мәртебесі қалыптасты ма деген сауал туындайды…

Бастапқы кезде көшедегі жарнамалардың, мекемелердегі іс-қағаздардың Мемлекеттік тілде сауатты жазылуын қадағалайтынбыз. Ал, қазір әлеуметтік желілердегі жастардың қазақ тілінде қате жазатынына күйінеміз. Айтатын уәждері: телефондарында қазақша пернетақта жоқ.

Алайда, адамдар арасындағы қарым-қатынас пен өзара түсіністіктің негізгі тетігі тіл екенін уақыт өзі дәлелдеді. Егер барлығымыз бір тілдің төңірегіне топтаса алсақ, барлық салада алға жылжитынымыз анық. Сол үшін Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар көптеп қолға алынды. Ендігі жерде бұған жекелеген компаниялардың да ықпалдасуы керек еді. 

Осы міндетті алдыңғылардан болып қолға алған Forte банк болып отыр. Өздерінің жаңа жобасы ForteKey пернетақтасын құрастыруда Мемлекеттік тілге ерекше назар аударуы осының дәлелі. 

Бұл пернетақта негізінен банк қызметтері мен ақша аударымдарын әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде отырып орындауды ұсынатын әмбебап жоба. Сонымен қатар, ForteKey – қазақ тілінің жанашыры.

Бұлай деуімізге себеп бар. Бұл пернетақтаға еліміздегі қолданыс аясы кең үш тіл  – қазақ, ағылшын, орыс тілдері жүктелген. Яғни, пернетақта арқылы өзіңізге ыңғайлы үш тілдің бірінде операцияларды орындай аласыз.  Мұндағы бізді қуантқан ең басты нәрсе – Мемлекеттік тілдің мәртебесіне баса назар аударылғандығы. 

ForteKey арқылы тұтынушылар банк операцияларын оңай пайдалана алумен қатар, қазақ тіліндегі төл әріптері бар пернетақтаны қолдануға мүмкіндік алып отыр. 

Біз осыған сүйсіндік. Сондықтан, бұл жобаның дәл осы ерекшелігіне көбірек тоқталғымыз келеді. Осы тұста сұрақ туындайды: ForteKey арқылы қазақ тілі қалай дамиды?

Енді осыған келейік:

1. Қазақ тілінде қызмет алушылар көбейеді. Түрлі қызмет көрсету салаларында қазақ тілінде сапалы қызмет алу қиын. Мұны жоққа шығара алмаймыз. Кез келген мекемеге барсаңыз, менеджер әуелі орыс тілінде сөйлейді. Әрине, бұл орыс тілінің қолданыс аясы кең болуынан. Сосын сіздің өтінішіңізбен, қазақ тілінде қызмет көрсете бастайды. Бастысы халықтың алдында таңдау бар. Яғни, үш тілде де сапалы ақпарат алуға мүмкіндік туды. Ендігі жерде түрлі қызмет көрсету салаларында, мекемелердің сайттары мен мобильді қосымшаларында қазақ тілінің қолданушылары артып, сұраныс жоғарылайтын болады. Сұраныс бар жерде – даму бар. 

2. Паразит сөздерден құтылу мүмкіндігі туындады. Қазір әлеуметтік желілерде көптеген сөздерді «бугин», «казир» деген сияқты қате жазу белең алды. ForteKey пернетақтасында осы секілді паразит сөздерден құтылуға жағдай жасалған. Яғни, сізде үш тілде дайын пернетақта болады және әр тілге арналған T9 бар. Егер сөз қате жазылса, T9 дұрыстап беруге тырысады. Осының арқасында адамдар біртіндеп сауатты жазуға бейімделе бастайды.  

3. Қаржылық салада қазақша ғылыми тіл қалыптасады. Бұл тұрғыдан келгенде әмбебап пернетақтаның ағартушылық қыры бар екенін айтуымыз керек. Яғни, қаржылық қызметке байланысты қазақ тіліндегі терминдер қалыптасып, кеңінен қолданысқа ене бастайды. Қаржылық қызметтің түрлі операцияларын сипаттайтын қазақша контент пайда болады. Демек, қазақша ғылыми тіл жаппай тарала бастайды. 

Біз де өз тарапымыздан қазақ тілінің дамуына үлес қосуымыз керек. Енді бізге қазақша жазуға ештеңе кедергі емес, себебі ForteKey бар!

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button