Денсаулық & Психология

Алғашқы әрекетіңіз сіздің қандай адам екеніңізді айтады: Нені таңдайсыз?

Суретте көрсетілген бір ситуацияны таңдап, өзіңіз туралы біліңіз.

1. Қайнаған шәйнекті өшіру

Егер шәйнекті таңдаған болсаңыз, бұл сіздің күйгелек әрі ашуланшақ адам екеніңізді көрсетеді. Шешімді жылдам қабылдайсыз, мақсатыңызға жетуге ешкім кедергі бола алмайды.

Бірқалыпты жұмыстардан тез жалығасыз. Жеке қауіпсіздігіңіз туралы ылғи ойланып жүресіз. Тосынсыйларды аса жақтырмайсыз. Нақты жоспар құрып, сонымен ғана жүргенді ұнатасыз.

2. Телефонға жауап беру

Бұл таңдаудан сіздің дипломатияға жақын адам екеніңізді көруге болады. Өзгелердің қателігін қабылдауда қиналасыз. Жұмысбасты, бірнеше жұмысты қатар алып жүруге қабілетті жансыз.

Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге жаңа таныстық, көпшіліктің ортасында жүру ұнайды.

3. Жылап жатқан баланы тыныштандыру

Сізге адамдарға көмектескен ұнайды. Басқалар үшін өзіңіздің қалауыңыздан бас тарта аласыз. Отбасыңызға жаныңыз ашып тұрады.

Жалғыздықтан қорқасыз. Жаныңызда кемінде бір адамның жүргенін ұнатасыз. Шулы кештерде жүргеннен, отбасыңызбен уақыт өткізгенді дұрыс деп есептейсіз.

4. Диванның үстіндегі итті жерге түсіру

Сіз үйіңізде де, жеке өміріңізде де тазалық пен жинақылықты ұстанатын жансыз. Барлық жағдайды бақылауда ұстап отырғанды жөн санайсыз.

Бәрі өз орнына келмейінше тынышталмайсыз. Сіз үшін материалдық жағдай мен әлеуметтік статус өте маңызды. Барлық сұрақтардың жауабын білгендіктен, кез келген ситуациядан сытылып шыға аласыз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button