Қоғам

Үй сатқан адам салық төлей ме?

Тұрғын үй саласында жиі құйылатын сауалдардың бірі – «пәтер не жер үй сатқанда салық төлеймін бе?» деген сұрақ.

Бұл сауалға «иә, төленеді» деп жауап беруге болады. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жеке үйін сатқан азамат та, коммерциялық нысанын сатқан кәсіпкер де құн салығын төлейді. Бірақ екеуінің шарты екі түрлі.

Мәселен, жылжымайтын мүлкін (пәтер, үй, жер үй, саяжай, жер телімі, гараж, шаруашылық жері) сатқысы келген азамат мынадай жағдайда ғана салық төлейді: егер сатқалы жатқан үйін бір жыл бұрын ғана сатып алған болса. Яғни, 2021 жылдың басында үй сатып алып, сол жылдың аяғына дейін сатқыңыз келсе, онда салық төлейсіз. Өйткені бұл бір жағынан, кәсіпкерлік болса, екінші жағынан, табыс табудың сипаты бар.

Мысалы, 2020 жылдың басында пәтерді 18 млн теңгеге сатып алып, 19 млн теңгеге сатсаңыз, сатудан түскен 1 млн теңгенің 10 пайызын салық етіп төлейсіз. Салықтың сомасы – 100 мың теңге.

Ал баспанаға иелік бір жылдан асып кеткен болса, онда салық төленбейді.

Ал коммерциялық нысанды сатудың шарты мұндай емес. Мұнда уақыт шектеуі жоқ. Оның қай кезде сатып алынғанына қарамайды. Мұның салығы да мүлік иесінің сатып алған бағасы мен сатқан бағасының арасындағы табыстан төленеді. Егер табыс болмаса, онда төленбейді.

Жер үйді сату

Салынған жер үйді сатудың салығы нарықтық бағамен және ал жер үйдікі бағалау құнымен өлшенеді. Нарықтық баға мен бағалау құны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының сол жылы 1 қаңтарда белгілеген табыс сомасымен есептеледі.

Ал жер телімі мен саяжайдың жерін сатуда кадастр бағасымен өлшенеді. 

Салықтың өзін үй мен коммерциялық нысан сатылған жылдың 10 ақпанына дейін төленуі тиіс.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button