ҒылымМәдениет

Алматы: атмосферасы жайлы 7 кітап дүкені

Алматы тұрғындары кітап дүкендерін жақсы көреді. Кітапты сатып алмаса да, дүкеннің ішінде тұрып оқитындар да көп. Біз қаламыздағы оқырманы көп бірнеше кітап дүкенін мекен-жайларымен бірге топтастырып ұсынуды жөн көрдік.

КНИЖНЫЙ ГОРОД

Мекен-жай: Розыбакиев, 281

Телефон: +7 727 232 44 22

Сайт: bookcity.kz

Ұзақ жылдар бойы «Книжный город» Орталық Азиядағы ең ірі кітап дүкендерінің бірі саналып келеді. Бұл дүкеннен 80 000-нан астам кітап қорын таба аласыз. Дүкен ассортиментінде балалар әдебиетіне байланысты кітаптар көп екенін, сонымен қатар эксклюзивті басылымдарды таңдауға да мүмкіндік мол екенін атап өту керек. Одан бөлек, кітап дүкенінен түрлі кеңсе тауарларын, кәдесыйлар таба аласыз.

МЕЛОМАН

Мекен-жай:

Grand Meloman, Гоголь, 58

АДК, Сәтпаев, 90, 2қабат

Mega Almaty, Розыбакиев, 247, 2қабат

Dostyk Plaza, Самал-2 ы.а., 111, 3қабат

Mega Park, Сейфуллин, 483,  3қабат

Esentai Mall, Әл-Фараби, 77/8, 3қабат

Телефон: +7 727 338 36 96

Сайт: meloman.kz

«Меломан» дүкендер желісінен бәрін табасыз: кітаптардың сан-алуан түрі, сыйлықтар, оқу құралдары, журналдар, жұмсақ ойыншықтар, хош иісті майшамдар, шоперлер, винил табақшалары, бояулар, тәттілер, тіпті ыстық кофе де сатылады. 24/7 жұмыс істейтін Гололь көшесіндегі «Меломан» дүкені біздің редакциясының ең сүйікті мекені боп саналады.

БУКИНИСТ

Мекен-жай: Төле би, 49

Телефон: +7 705 126 68 50

Инстаграм: bouquiniste_almaty

Ерекше атмосферасы мен тарихы бар «Букинисте» көптеген дүкендерден табыла бермейтін ескі кітаптар сатылады. Кітаптардан басқа винил табақшалары, ескі журналдар мен комикс кейіпкерлері бейнеленген карталарды да табуға болады.

451 ГРАДУС

Мекен-жай: Жібек жолы, 135/10а

Телефон: +7 700 484 84 51

Инстаграм: 451kz

Кітап дүкенінің атауы Рэй Брэдберидің «Фаренгейт бойынша 451 градус» антиутопиялық романынан алынған. Мұнда сіз көптеген қызықты кітаптар мен комикстер таба аласыз. Дүкенде щеберлік сабақтары, кітап клубының кездесулері және поэтикалық кештер өтіп тұрады.

QAZYNA

Мекен-жай: Atakent Mall, Тимирязев, 42 к3

Телефон: + 7 707 276 30 30

Сайт: qazyna.kz

Қазақша кітаптардың көптеген түрін осы дүкеннен сатып алуға болады. Дүкеннің ашылғанына көп болмаса да, өзінің тұрақты оқырмандарын тауып үлгерген.

МАМА, ПОЧИТАЙ…

Мекен-жай:

Colibri, Сәтпаев, 3, 1қабат

ADK, Сәтпаев, 90

Телефон: +7 707 599 14 15

Сайт: mamapochitai.kz

Балаларды кітапқа құмар етіп өсіруге ықпалын тигізбей қоймайтын мекен деп айтса да болады. Атауы ерекше дүкеннен ең керемет балалар кітабын табуға болады. Балаңызбен бірге кітап оқып, бірге дамыған да ең дұрыс таңдау дер едік.

POLYGON INTERNATIONAL

Мекен-жай:

InterContinental Almaty қонақ үйі, Желтоқсан, 181

Құрманғазы, 36

Телефон: +7 727 250 69 03

Сайт: polygon-int.kz

Егер ағылшын тілінде кітап сатып алғыңыз келсе, онда сізге осы дүкенге бару керек. Қаланың орталық аудандарында орналасқан екі филиалдан да шетелдік көркем және ғылыми әдебиеттерді таба аласыз. Одан бөлек, әлемдік журналдар мен ағылшын тілін үйренушілерге арналған оқу материалдары сатылады.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button