Қоғам

Қазақстанда үй бағасын қымбаттатпаудың жолы бар ма?

Баспана сатып алу жылдан-жылға қиындап келеді. Себеп: үй бағасының қымбаттауы.

«Qadam.asia» редакциясы бұл қымбатшылықтың себебін түсіндіру үшін «2021 жылы тұрғын үй бағасы тағы да қымбаттай ма?» атты материал жариялаған болатын.

Өткен 2020 жылы барлық салаларға түзету енгізіліп, шағын және орта бизнеске үлкен сынақ болды. Соған қарамастан құрылыс саласы өсудің жақсы қарқынын көрсетті. Қаңтардан қыркүйекке дейінгі көрсеткіш 9%-ға, Нұр-Сұлтанда 40%-ға өскен.

Ал, сатылым серпіні төмендеген. Мәселен, 2020 жылдың қараша айында сатып алу-сату операцияларының саны 2019 жылдың қараша айымен салыстырғанда 7,7%-ға азайыпты. Бұл бірінші жартыжылдықтағы карантиндік шектеулерге байланысты.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы тұрғын үй бағасы 8%-ға өскен. Бұл ұлттық валюта бағамының төмендеуіне және құрылыс құнының өсуіне байланысты.

2020 жылдың соңына қарай сұраныс артқан

Сарапшылар 2020 жылдың мамыр айынан бастап нарық қалпына келе бастағанын айтады. Сол кезден бастап сатып алушы клиенттердің белсенділігі артып, үй сатып алуға сұраныс жоғарылаған.

2021 жылы сұраныс былтырғыдан жоғары болады деп күтілуде. Өйткені, зейнетақы жинағын пайдалану бағдарламасы іске қосылды, ипотекалық несие өнімі кеңеюде. Егер осы бағдарламалар жүйелі іске асар болса, адамдар тұрмыстық жағдайын жақсартуға көбірек мүмкіндік алады.

Статистика көрсеткендей, 2020 жылдың қыркүйек айында сұраныс 15%-ға өсіп, 35 мың транзакцияны құраған. Егер бұл мөлшерлеме сақталса, 2021 жылы 360 мыңнан астам мәміле жасалуы мүмкін.

Баға неліктен өседі?

Сарапшылардың көбі тұрғын үй құны одан әрі жылына 5-7%-ға көтеріледі деп болжап отыр. Әсіресе, республикалық маңызы бар қалаларда. Негізгі фактор – құрылыс салушылардың шығынының артуы, сондай-ақ пандемиядан кейін күтілетін кейінге қалдырылған сұраныс.

Сонымен қатар, сарапшылардың басым көпшілігінің пікірі зейнетақы қорын пайдалану «хайп» сипатына ие және бұл тұрғын үй құнына айтарлықтай әсер етпейді дегенге саяды. Расында, «Жеткілікті шек» мөлшеріне қарағанда бұл ақшаны қолдана алатындар онша көп емес.

Тұрғын үй бағасын тұрақтандырудың жолы қандай?

Жаңа тұрғын үй сатып алушылар негізінен жайлы үйді таңдайды, оның орташа ауданы 70 шаршы метр. Мұны баға мен сапаның оңтайлы ара қатынасымен түсіндіруге болады. Нұр-Сұлтанда үлкен сұраныс – ауданы 40-60 шаршы метр болатын 1-2 бөлмелі пәтерлер. Оны іске асыру бар сатылымның шамамен 60%-ын құрайды. Несиелендірудің негізгі үлесі де осы сегментке келеді, өйткені ол бағдарлама талабына сәйкес.

Ал бизнес және премиум-пәтерлер сатылымы тұрақты. Бұл сегментте клиенттердің сатып алу қабілеті жоғары.

Тұрғын үй нарығын дамытуға түрткі болатын – ипотекалық бағдарламалар. Қазір несиелік операциялардың үлесі салыстырмалы түрде аз және шамамен 20%-ды құрайды, бірақ кеңейтуге әлеует бар.

Қымбатшылықтан шығудың тетігі:

Мамандардың пікірше, Тұрғын үйге кепілдік беру қорының лицензиясы бар жобаларға «7-20-25» қосу қажет. Енді іске асыру кезеңінде қор бағдарламаларына «Баспана Хит» ипотекасы 10,75% мөлшерлемемен ғана жарамды. Бірақ халыққа жылдық 7% мөлшерлеме тиімді. Бұл жағдайда не істеуге болады?

Тұрғын үйді қалай қолжетімді ете аламыз?

  • Үкімет пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағытын жалғастыруы керек;
  • Үй салушылар үнемді өндіріс әдісін дамытып, құрылыс құнын төмендету үшін шығынды оңтайландыруы керек;
  • Әкімдіктер үй салушыларға қажетті магистральдық инженерияны жеткізіп, жақсы жағдай жасауы керек.

Жылжымайтын мүлік саласы мамандарының пікірінше, осы талаптар жүзеге асырылса баға тұрақтанып, тұрғын үйге деген сұраныс артады.

Елдегі тұрғын үй сатып алуға байланысты орнаған қымбатшылықтың шешімі ипотекалық бағдарламалардың арқасында тұрғын үйге қолжетімділіктің жақсаруымен ғана емес, сонымен қатар басқа инвестициялық мүмкіндіктің болмауымен де байланысты.

«Qadam.asia»

Оқи отырыңыз:

2021 жылы қандай бағдарламалар арқылы үй ала аламыз?

Қарапайым халық Зейнетақы қорындағы ақшасын ала ала ма?

Зейнетақы қорындағы ақшамызды алу үшін қалай өтініш береміз? (ИНСТРУКЦИЯ)

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button